Жұма күні мамандар Курил аралдарындағы Эбеко жанартауының күлі 2,5 км биікке атқылағанын тіркеді. Бұл туралы Ресейдің Сахалин облысы бойынша ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2,5 км биікке күл қалдығы шашырады", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
5 тамыз күні Эбеко жанартауының күлі 3,5 км биікке атқылаған болатын.
Эбеко жанартауы Парамуширдің солтүстік бөлігінде орналасқан. Оның биіктігі – 1156 метр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу