Ол індеттің жаңа өршуіне байланысты жағдайдың өте қиын екенін растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бүгінде вирустан күдікті өлім саны 220 адамға жетіп отыр, ал расталған жағдайлардың жалпы саны 900 адамнан асып-жығылған.
Вирус Конго Демократиялық Республикасынан тыс жерлерге тараған. Угандада вирус жұқтырудың 7 жағдайы расталған, өкінішке қарай арасында медицина қызметкерлері де бар. Қазіргі уақытта вакцина немесе тиімді емі жоқ жаңа Бундибугио штамы үлкен алаңдаушылық тудыруда.
Жағдайды тәртіпсіздіктер тіпті күрделендіріп отыр. Конго Демократиялық Республикасында жергілікті тұрғындар ауруханалар мен емдеу орталықтарына шабуыл жасап, қайтыс болғандарды жерлеу үшін денелерін беруді талап еткен. Бұл өз кезегінде инфекцияның тез таралуына ықпал етеді. Билік зардап шеккен аймақтарда жаппай жиындарға тыйым салды, десе де халық арасындағы қорқыныш пен сенімсіздік аурумен күресте әлі де үлкен кедергі саналады.