Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 26 қыркүйек, дүйсенбіде жарияланған мәлімдемесінде айтылған.
"2022 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша Мубенде, Кьегегва және Кассанда округтерінде барлығы 18 расталған және 18 ықтимал жағдай тіркелді, 23 адам қайтыс болды", – делінген хабарламада.
Уганда билігі 20 қыркүйекте қайтыс болған 24 жастағы ер адамда вирус анықталғаннан кейін елде Эбола індетінің таралуы туралы жариялады. Ауру 1976 жылы анықталған Суданның Эбола вирусының штаммынан туындағаны атап өтілді.
23 тамызда Конго Демократиялық Республикасының Денсаулық сақтау органдары елде Эбола індетін жариялаған болатын.
Эбола – жедел вирустық ауру. Аурудың ең үлкен өршуі 2014-2016 жылдары Батыс Африкада орын алды. Эбола вирусына қарсы вакцина 2019 аяғынан бастап бірнеше елде қол жетімді.