ЭЦҚ кілтін қайта алу кезінде қосымша тексеруден өту талап етіледі

177

Қабылданған шара пайдаланушылардың ЭЦҚ кілтін заңсыз қолданудан қорғауға, қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

ЭЦҚ кілтін қайта алу кезінде қосымша тексеруден өту талап етіледі Фото: uralskweek.kz

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" жеке кабинетте ЭЦҚ кілтін қайта шығару кезінде қосымша тексеру кезеңін енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қосымша тексеру екі жолмен жүргізіледі:

  1. SMS арқылы – Қазақстанның мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірге бір реттік код жіберіліп, оны енгізу қажет болады;
  2. eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттағы кодты енгізу арқылы.

Айта кету керек, бұл механизм Қазақстан бейрезиденттеріне қолданылмайды, себебі олардың телефон нөмірі елдің мобильді азаматтар базасында тіркелмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу