ЭЦҚ-ны қосымша бағдарламасыз қолданатын боласыздар – Асқар Жұмағалиев

941

Күзге дейін пилоттық жоба іске қосылады. 

ЭЦҚ-ны қосымша бағдарламасыз қолданатын боласыздар – Асқар Жұмағалиев

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің халық алдындағы есептік кездесуі онлайн режимде өтіп жатыр. Есеп барысында ведомство басшысы ЭЦҚ пайдалануға қатысты сын-шағымдарға тоқталды. 

"Электронды цифрлық қолтаңбаға келсек, көптеген сын-ескерту айтылып жүр. Бағдарламаның сапасына, жүктеу қиындықтарына көп шағым түседі.  Проблемаларды түсініп отырмыз. Қазіргі уақытта азаматтар SMS-пароль арқылы 90 түрлі қызмет алады. Бұлар негізінен анықтамалар мен сервистер. Компания ашу, мекенжайға тіркелу, көлікті қайта тіркеу сияқты қызметтерді алуға ЭЦҚ қажет. ЭЦҚ-ны ХҚКО-ға бармай алу туралы ұсыныс өте көп айтылды. Төтенше жағдай кезінде қашықтан алу мүмкіндігін тез арада жүзеге асырдық. Нәтижесінде төтенше жағдай кезінде 600 мыңнан астам ЭЦҚ берілді. Бұл процеске қазірде 800-ден астам қызметкер қатысуда.  ЭЦҚ-ны қолдануды жеңілдету туралы да ұсыныстар көп. Өйткені арнайы бағдарлама орнату кейбір азаматтарға қиын болуда. Қазір осы процесті жеделдету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Біріншіден, QR-код арқылы алуды жолға қойып жатырмыз. Азамат компьютерде өтінім толтырып, оны мобильді қосымша арқылы сканерлеп жібере алады. Екіншіден, біз  қазір ботта ЭЦҚ-ны іске қосумен айналысып жатырмыз. Қосымша бағдарлама орнатпай пайдалануға болады. Жаздың соңына дейін оны пилоттық режимде іске қосамыз деп ойлаймын", – деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу