Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы (ECOWAS) Нигердегі конституциялық тәртіпті қалпына келтіру мақсатында жедел әрекет ету күштерін жұмылдыруға кірісті.
ECOWAS 17-18 тамызда Аккрада "Нигерде жедел әрекет ету күштерін орналастыру жоспарын түпкілікті келісу" үшін қауымдастыққа мүше мемлекеттердің Бас Штаб бастықтары комитетінің кезектен тыс кездесуі өтетінін хабарлады.
Нигерде шілде айының соңында әскери көтеріліс болды, нәтижесінде президент Мұхаммед Базум биліктен кетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу