"eDensaulyq" сервисі әрбір пациентке қолжетімді

483

Пациент үшін вакцинациялауға жазылу, вакцинациялау бойынша мәліметтерді түзету, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру, сондай-ақ медициналық ұйымға тіркелу сияқты сервистерге электрондық қолжетімділік іске асырылды. 

"eDensaulyq" сервисі әрбір пациентке қолжетімді Фото: gov.kz

Сонымен қатар, азаматтар емдеуге жатқызуға жолдама, стационардан шығару, аурухана парақтары және басқалары сияқты электрондық медициналық құжаттарға қол жеткізе алады.

Денсаулық сақтау министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп EGov Mobile мобилдік қосымшасында "eDensaulyq" сервисін іске қосты, онда халық үшін донорлық мәртебесі, электрондық рецепттер, медициналық бөлімдер, жүкті әйелдерді есепке алу және диспансерлеу, емдеуге жатқызу, зертханалық зерттеулер нәтижелері және аурухана парақтары бойынша кеңейтілген ақпарат бар.

Мысалы, "Жалпы ақпарат" бөлімінде азаматтың қай медициналық ұйымға бекітілгенін, қай учаскеде және учаскелік дәрігердің деректерін, МӘМС шеңберінде оның қандай мәртебесі бар екенін, МӘМС шеңберінде соңғы төлемнің сомасы мен күнін көруге болады.

Енді азаматтар зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне қол жеткізе алады, барлық зертханаларды қосу әлі де жалғасуда.

Халықты көрсетілген медициналық қызметтер туралы хабардар ету және қосып жазуларды төмендету мақсатында бүгінде СМС-таратылымдардың көмегімен бірқатар кері байланыс құралдары іске асырылды. Пациент ұялы телефонға оның стационардан шығарылғандығы туралы, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде рецепт жазып беру туралы, жүкті әйелдерді жоспарлы емдеуге жатқызу күні туралы, жүкті әйелдер үшін жоспарлы қарап-тексерудің жоспарланған күні туралы, медициналық ұйымға тіркелудің өзгеруі туралы хабарлама алады.

Сонымен қатар, eGov Mobile-дағы еDensaulyq сервисі азаматтарға көрсетілген қызметтердің тізбесін көруге және қызмет көрсетілмеу фактісі анықталған жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгінуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу