eDensaulyq сервисіндегі медициналық деректер тізімі кеңейтіледі

539

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев айтты.

eDensaulyq сервисіндегі медициналық деректер тізімі кеңейтіледі Фото: primeminister.kz

Жуырда сервиске азаматтардың қан тобы деректерін, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін қосу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz. 

"Сервистің өзі өткен жылы іске қосылды. Бүгінгі таңда сервисте 13 қызмет қолжетімді. Биыл базалық қызметтерді іске қосуды жоспарлап отырмыз. Мысалы, егер азамат қандай да бір зертханада анализ тапсырса, онда бұл мәлімет eDensaulyq-қа шығады. Келесі жылы да сервиске жаңа бөлімдерді қосамыз", - деді вице-министр.

egov Mobile мобилдік қосымшасындағы "eDensaulyq" сервисінде азаматтың жалпы мәліметтері, электронды рецепттер, медициналық қарсы көрсетілімдер, жүкті әйелдерді есепке алу және диспансерлеу, емдеуге жатқызу, ПТР зерттеу нәтижелері және т.б. ақпарат бар.

"Мысалы, "Жалпы ақпарат" бөлімінде азаматтың қай медициналық ұйымға тіркелгенін, қай учаскеде екенін, учаскелік дәрігердің деректерін, медициналық сақтандыру мәртебесін, МӘМС аясында соңғы төлемнің сомасы мен күнін көруге болады", - деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу