Еділ Қожамбердиев мексикалықты бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді

1525

Боксшының келесі жекпе-жегі 27 ақпанда өтеді. 

Еділ Қожамбердиев мексикалықты бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді

Қазақстан боксшысы Еділ Қожамбердиев кәсіпқой рингте мексикалық Хуан Карлосты мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Мексиканың Тихуана қаласында өткен бокс кеші аясында ұйымдастырылды. Жекпе-жек 4 раундқа есептелген, алайда Қожамбердиев бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен аяқтады.

Осылайша, 32 жастағы Қожамбердиев кәсіпқой бокста 8-ші кездесуін өткізіп, алтауын мерзімінен бұрын жеңіп, екеуінде жеңілген. Ал оның қарсыласы спорттық мансабында 27-ші рет жеңіліп отыр екен. Ол бұрындары үш рет нокаутпен жеңген және үш рет қарсыласымен тең түскен.

Қожамбердиев кәсіпқой бокстағы карьерасын 2017 жылы шілдеде АҚШ-та өнер көрсетуден бастады. Кейінірек ол отанында үш рет және Ресейде екі рет жұдырықтасты. Әзірге алты раундтық кездесулерге шыққан жоқ.

Ол жартылайауыр салмақтан бастаған, алайда кейінірек бірінші ауыр дивизионға өтті. Оның келесі жекпе-жегі 27 ақпанда өтеді. Қарсыласының есімі әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу