Еділ өзенінен 135 млн текше метр су алу мәселесі қарастырылуда

742

Бұл мақсат үшін республикалық бюджетттен 3,5 млрд теңге бөлінуі мүмкін.

Еділ өзенінен 135 млн текше метр су алу мәселесі қарастырылуда

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Варфоломей су қоймасының жағдайымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдегі мамандар министрге егістіктерге судың жетіспеушілігі мәселесі мен су қоймаларының ахуалы туралы баяндадады.

"Орал қаласынан 440, Қазталов ауданының орталығынан 70 шақырым қашықтықта, Кіші өзенде орналасқан қойма мемлекетаралық мәндегі су торабы болып есептеледі. Ал Үлкен өзен бойынша қазір Ресей Федерациясына тәуелділікті азайту үшін жаңа су қоймасын салу жоспарлануда. Ол Үлкен өзенде Қазталов ауданының Жалпақтал ауылында орналасады. Сонымен қатар, өңірдің оңтүстік аудандарына Үлкен және Кіші өзендері бойынша тұрақты су жетіп тұруы үшін Еділ өзенінен 135 млн текше метр су алу мәселесі қарастырылуда. Бұл мақсат үшін республикалық бюджетттен 3,5 млрд теңге бөлу керек", - деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Осылайша жоспар бойынша Ресейдің Еділ өзенінен Варфоломей қоймасы арқылы облыстың Жәнібек, Қазталов, Жанғалы аудандарындағы 1637 гектар тұрақты суармалы егістікке, 44018 гектар суару алқабына, 324700 гектар 
жайылымдарға су жіберілмек. 

"Бұдан бөлек, БҚО-ның оңтүстік аудандарындағы экологиялық ахуалды реттеп отыру үшін Айдын, Сарыайдын, Қамбақты және Қамыш-Самар көл айдындарына су жіберіліп отырады. Су қоймасының сыйымдылығы - 23 млн текше метр", - деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу