Эдриан Броуди: Қазақстандық ұйымдардың біріне де қайырымдылық жасауды жоспарлап отырмын

896

Эдриан Броуди: Қазақстандық ұйымдардың біріне де қайырымдылық жасауды жоспарлап отырмын

Америкалық актер, "Оскар" сыйлығының иегері, "Кинг Конг", "Жыртқыш", "Пиджак", "Пианист" фильмдерінде басты рөлдерді сомдаушы Эдриан Броуди Қазақстанның қайырымдылық қорларының біріне қаржылай көмек көрсетеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы атақты актер Астанада XIII халықаралық "Еуразия" кинофестиваліне арналған баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Сурет салумен бала кезімнен бері айналысамын.  Мен үшін өнер - жай ғана картина салу емес, шығармашылықтың бостандығы, талантты адамдардың шығармашылығы мен жанының  дербестігі іспеттес. Сондай-ақ, кинематография мен өнерде қатар жүруім табиғатты қорғау, ВИЧ-пен ауыратын адамдарға көмек, балалардың денсаулығы бағыттарындағы филантроптық, қайырымдылық шараларына қатысуыма да үлкен септігін тигізіп жатыр. Оы орайда, балалардың әл-ауқатымен айналысатын қазақстандық ұйымдардың біріне де қайырымдылық жасауды жоспарлап отырмын", - деді Эдриан Броуди.

Актердің айтуынша, өзі салған картина сатылымынан түскен қаражат қайырымдылықпен айналысатын қазақстандық ұйымдардың немесе жобалардың біріне аударылады. 

Еске сала кетсек, бүгін "Қазақстан" орталық концерт залында "Еуразия" кинофестивалінің ашылу салтанаты өтеді. Оған "А" санатындағы Николас Кейдж, Эдриан Броуди, Джон Малкович сынды танымал әлемдік жұлдыздар қатысады. Кинофестиваль аясында кино өнерінің әлемдік жұлдыздары Николас Кейдж, Эдриен Броуди, Джон Малкович және басқа да жұлдыздар шеберлік сабақтарын өткізетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу