ЕЭК 2021-2023 жылдарға арналған көлік саясатын мақұлдады

1295

"Жол картасы" алғашқы жартыжылдықта күшіне енуі мүмкін.   

ЕЭК 2021-2023 жылдарға арналған көлік саясатын мақұлдады

Еуразиялық экономикалық одақтың көлік ведомствосына жауапты басшылардың орынбасарлары 2021-2023 жылға дейін көлік саясатын іске асырудың "жол картасын" мақұлдады,  деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі .

Құжатта халықаралық автомобиль жүк тасымалын либерализациялау, теміржол көлігі саласында конвенциялық тыйымдар енгізу және қолдану,  одақ аясындағы әуе  қатынасында барлық компанияларға тең құқық ұсыну шаралары қарастырылған.

Құжат жобасының толық мәтіні ЕАЭО-ға қарасты ақпарат ресрустарының ешбірінде жарияланбағандықтан, "конвенциялық тыйымдар" мен "әуе кеңістігінде бірдей мүмкіндік ұсыну" талаптары қандай тәуекелдер туындатанынын болжау қиын. 

Ал Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі таратқан ресми мәлімет жалпылама сипаттаулармен ғана шектелген.

"Құжат ЕАЭО елдерінің заңнамасын үндестіріп, одақ аясында электронды көлік құжаттарын енгізуге, аралас, контейнерлі жүк тасыламын дамытуға, еуразиялық көлік дәліздерін кешенді дамытуға, көлік-логистикалық орталықтардың жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді",  деп жазылған баспасөз-релизде. 

"Жол картасының" жобасында ірі пішінді және ауыр салмақты көлік құралдарының қозғалысын бақылау механизмін жетілдіріп, қауіпті жүктер тасымалдау процесін синхрондау мәселесі де қамтылған көрінеді.  

Құжаттың жобасы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің талқылауына 2021 жылдың алғашқы жарты жылдығында түседі деп жоспарланған.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу