ЕЭК басшысы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан президенттерін Наурыз мерекесімен құттықтады

966

Наурыз мерекесі елімізде 21-23 наурызда атап өтіледі. 

ЕЭК басшысы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан президенттерін Наурыз мерекесімен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Михаил Мясникович Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан басшыларын Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлады inbusiness.kz ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бұл ежелгі, тамаша көктем мерекесі үш елдің бай, тарихи мәдениетінің маңызды, ажырамас бөлігі. Табиғат жаңаратын бұл күнде сіздердің елде жаңа ауқымды жобаларға да жаңа серпін берсін",- деп жазылған құттықтауда. 

Мясникович мемлекет басшыларына мықты денсаулық пен табыс, халыққа бейбітшілік пен өркендеу тілеген. 

Айта кетейік, Қазақстанда наурыз мерекесі 21-23 наурызда атап өтіледі. Алайда биыл да былтырғыдай сақтық шараларын сақтай отырып өткізіледі. Көптеген іс-шаралар онлайн форматқа көшірілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу