ЕЭК дәрі-дәрмек нарығын реттеудің ортақ шешімін ұсынды

620

ЕЭК дәрі-дәрмек нарығын реттеудің ортақ шешімін ұсынды

ЕАЭО-ның ортақ дәрі-дәрмек нарығы қабылданған заңнамалық актілер негізінде бірыңғай реттеуді ғана емес, ортақ шешімдерді де қажет етеді. Мұны Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Арман Шаққалиев "Мемлекеттік реттеу және ресейлік фармөндіріс 2017: ынтымақтастық жалғасы" конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Конференция Еуразиялық экономикалық комиссияның семинарлары мен дөңгелек үстелдері желісінің алғашқысы болды. Олардың қорытындысы бойынша ортақ дәрі-дәрмек нарығын реттеудің ортақ шешімдері саласында құжат қабылданады. Жақын арада мұндай шаралар Қазақстан мен Беларусьте, 2017 жылдың ортасына қарай Армения мен Қырғызстанда өтеді.

"Одаққа мүше мемлекеттердің барлық мемлекеттік органы бекітілген заңнамалық актілерді мақұлдап, сараптама жүргізу, зертханалық бағалау, дәрі-дәрмекті сынақтан өткізу сынды ортақ ережелерді қатаң ұстануы тиіс", – дейді Арман Шаққалиев.

Жиын  барысында дәрі бағасын реттеудегі ортақ әдістер талқыланды. Дәрілік заттарды сәйкестендіргіш белгілермен таңбалаудың пилоттық жобасын іске қосу мерзімі туралы да айтылды. Бұл тәжірибе дәрілік заттардың қозғалуын 2018 жылы бақылауға мүмкіндік берсе, 2019 жылы бұл процесс толығымен ашық жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу