ЕЭК ЕАЭО-ға импорттауға рұқсат етілген анальгетиктер тізімін кеңейтті

Шешім ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

ЕЭК ЕАЭО-ға импорттауға рұқсат етілген анальгетиктер тізімін кеңейтті Фото: inbusiness.kz

Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО аумағына әкелуге рұқсат беру тәртібі бар есірткі құралдары мен психотроптық заттардың тізімін толықтырды, деп хабарлады реттеуші органның баспасөз қызметі.

"Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің рұқсат етуші тәртібі белгіленген тауарлардың тізбесін есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының 14 жаңа позициясымен толықтырды", - деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі. 

Ақпаратқа сүйенсек, рұқсат етілген тауарлардың қатарына анальгетиктердің, опиоидты ауырсынуды басатын дәрілердің, анестетиктердің, эпилепсияны емдеуге арналған препараттардың, тыныштандыратын препараттардың бірнеше түрі қосылған.

"Есірткі заттары туралы Бірыңғай конвенцияның қосымшасына изотонитазен, брорфин, метонитазен кіреді", - деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.

ЕЭК бұл заттар бұрын 1961 жылғы 30 наурыздағы Есірткі құралдары туралы Бірыңғай конвенцияға, 1971 жылғы 21 ақпандағы Психотроптық заттар туралы конвенцияға және Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы БҰҰ Конвенциясына қосымшаларға енгізілгенін атап өтті. 

Шешім ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу