ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі тағайындалды

1332

Ол ЕАЭО кәсіпкерлікті дамыту, қаржы саясаты, еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау мәселелеріне жауап береді.

ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі тағайындалды

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа мүшесі (министрі) лауазымына Руслан Бекетаев тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ЕЭК сайтына сілтеме жасап.

5 наурызда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес ЕЭК алқасының жаңа мүшесі (министрі) қызметіне Руслан Бекетаевты тағайындау туралы шешім шығарған. 

Ол Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) кәсіпкерлікті дамыту, қаржы саясаты, еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау мәселелеріне жауап береді.

Айта кетейік, осыған дейін Руслан Бекетаев ҚР Ұлттық банкінде, қаржылық реттеу агенттігінде, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде түрлі қызметтерді атқарған.

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары, Қазынашылық комитетінің төрағасы болып еңбек еткен.

Сонымен қатар ол ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі лауазымына тағайындалмас бұрын Қазақстанның қаржы вице-министрі қызметін атқарған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу