ЕЭК энергетика саласындағы ықпалдастықты дамытуда әлемдік тәжірибеге сүйенеді

1164

ЕЭК энергетика саласындағы ықпалдастықты дамытуда әлемдік тәжірибеге сүйенеді

Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқа мүшесі (министр) Адамқұл Жүнісов аталмыш ұйымның Вашингтондағы штаб-пәтерінде Америка-Ресей іскерлік кеңесінің басшылығымен кездесті.

ЕЭК министрі блоктың қызметімен таныстырып, өзі жетекшілік ететін бағыттар бойынша ықпалдастықтың жай-күйі және даму перспективалары туралы айтып берді.

"ЕЭК энергетика және көлік салаларында ықпалдастықты дамытуда әлемнің озық тәжірибелерін пайдаланатын болады. Энергоресурстардың ортақ нарықтарын қалыптастыру жұмысында шетелдік әріптестердің, оның ішінде аймақта электр энергиясының көтерме нарығын құруда зор жетістіктерге жеткен АҚШ-тың тәжірибесі қызықтырады", – деп мәлім етті Адамқұл Жүнісов.

Министр Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық дивизионының өкілдерімен кездесіп, оның барысында Еуразиялық экономикалық одақты Жібек жолының экономикалық белдеуімен түйістіру бастамаларын ілгерлетуге баса мән берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу