ЕЭК кеңесі ванадий-алюминий лигатурасын импорттауға тарифтік артықшылық берді

762

ЕЭК кеңесі ванадий-алюминий лигатурасын импорттауға тарифтік артықшылық берді

Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

ЕЭК кеңесінің күн тәртібіне 34 мәселе шығарылды. Оның ішінде 20 мәселе ҚР инвестициялар және даму министрлігінің құзыретіне кіреді. ЕЭК кеңесі отырысында өнеркәсіп саласы бойынша мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, қаржыландыру және іске асыру ережесі, өнеркәсіптік саясат шараларын жүргізу барысында сезімтал тауарларға қатысты міндеттемелерді ЕАЭО мүше мемлекеттерінің орындауы туралы, ЕАЭО мүше мемлекеттерінің кәсіпорындарына жүйелі монторинг жүргізу ережесі және ЕАЭО мүше мемлекеттерінің басым салаларында бірлесіп өндірілген тауарларды үшінші елдердің нарығына шығару шаралары туралы шешімдер мақұлданды.

ЕЭК кеңесі 2018 жылғы 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін, атап айтқанда, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ үшін титан құймаларын өндіруге арналған, Қазақстан Республикасының ванадий-алюминий лигатурасын импорттауға тарифтік артықшылық беру туралы шешім қабылдады. Қорытпалар мен құймалар және плиталар жылына 300 тоннадан аспайтын мөлшерде импортталады.

Бұдан бөлек, кедендік баждар мен салықтардан толық босатылған уақытша әкелу тәртібімен бекітілген азаматтық жүк әуе кемелеріне қатысты қазақстандық тараптың ұсынысы қолдау тапты және ЕЭК кеңесінің шешімі қабылданды. 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін уақытша әкелудің кедендік рәсімімен реттелген жағдайда, максималды ұшу салмағы 175 мың және 200 мың кг Airbus 330F типіндегі, ең жоғары ұшу салмағы 233 мың - 250 мың кг аралығында болатын Boeing 767F типіндегі ұшағын толық шартты түрде босатудың максималды мерзімі 12 жылға дейін артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу