ЕЭК "сұр" сертификаттармен күрес шараларын қабылдайды

493

Мұндай шараның жүзеге асуына Қазақстан тарапы бастама танытты. 

ЕЭК "сұр" сертификаттармен күрес шараларын қабылдайды Фото: ortcom.kz

Бүгінгі таңда Қазақстанда кейбір кәсіпкерлер өнімді сынақтан өткізбей-ақ,  сәйкестік құжатын алған жағдайлары кездеседі. Бұл туралы "Ұлттық аккредиттеу орталығы" РМК бас директорының міндетін атқарушы Мақсат Айтышев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның дерегінше, Ондағы мақсат тауарларды тез арада кедендік рәсімдеуден өткізу. Сондықтан да, "сұр"-яғни күмәнді сертификаттар сатып алады.

"Ел аумағына әкелінген өнім міндетті түрде кедендік рәсімдеуден өтуі тиіс. Осы рәсім барысында өнімнің сәйкестігін растау құжаты көрсетілуі тиіс. Сәйкестік сертификаты өнімнің белгілі бір талаптарға сәйкестігін растайды. Мұндай сертификатты тек аккредитациядан өткен ұйымдар ғана бере алады. Ал "сұр" сертификаттар өнімнің адам өміріне зиянсыз я қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді." , - дейді Мақсат Айтышев.

Спикердің дерегінше, Қазақстан бастамасы бойынша ЕЭК шартты негізде бекітілген "сұр" сертификаттармен күресу шараларын қабылдайды. Осы арқылы ЕЭК аясында өнімдерге қойылатын міндетті бағалауды оптимизациялау көзделуде.  "Осылайша, ЕАЭО өз елдерінде "сұр" сертификаттармен күрес жоспарын қабылдамақ. Қабылданған құжат ЕАЭО актілері негізінже іске асырылады. Бұл Одаққа мүше елдердің өнімді сынау сертификаттарымен жедел алмасуы үшін іс-шаралар жоспарын іске асыруды және өнімді сынау хаттамаларын бірыңғай етуді қамтиды. ЕАЭО ішінде жедел ақпарат алу үшін Одақ ішінде хаттамаларды бір-екі күн ішінде жедел растауға мүмкіндік береді. Бұл сұр сертификатты тез анықтауға және ел нарығына ықтимал қауіпті тауарларды жібермеуге ықпал етеді",- Мақсат Айтышев.

Елімізде қазіргі таңда 1630 аккредиттеу субъектісі тіркелген. 961 сынақ зерханасы, қызмет сәйкестігін растайтын 75 орган бар. Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеу субъектілерінің қызметіне мониторинг жасауға құқылы. 

Елімізде барлық өнім қауіпсіздік талаптарынан өткеннен кейін ғана сатуға және тұтынуға рұқсат етіледі. Өз қауіпсіздігін растаған өнімдерге жеке сериялық сәйкестік сертификаты беріледі. Әр тұтынушы өнімнің қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін, сатушыдан өнімнің сертификатын сұрауға құқылы.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу