ЕЭК-те ауыл шаруашылығына арналған қондырғылар өндірісін дамыту жайы қаралды

1004

ЕЭК-те ауыл шаруашылығына арналған қондырғылар өндірісін дамыту жайы қаралды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бейне конференция режимінде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлады pm.kz.

Отырыстың күн тәртібінде 19 мәселе қарастырылды.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушы елдер Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) кедендік-тарифтік реттеу, өнеркәсіп және АӨК, энергетика, зияткерлік меншік және ақпараттандыру саласындағы бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.

Комиссия Кеңесінің отырысы барысында ЕуразЭО-ға мүше мемлекеттердегі ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар өндірісін және экспортын дамыту мәселелеріне баса көңіл бөлінді. Аталған мәселелерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының қарауына енгізу жоспарланған.  

Бұдан өзге, Еуразиялық даму банкінің интеграциялық әлеуетке ие кооперациялық жобаларды дамытуды қаржыландыруы мәселелері талқыланды. Кеңес мүшелері сәйкес кооперациялық жобаларды қарау мен іріктеу үшін жұмыс тобын құру туралы өкім қабылдады.

Аталған шешімдерді іске асыру ЕуразЭО-ға мүше мемлекеттердің барлығының жалпы өнеркәсіптік дамуына септігін тигізеді.  

Барлық қарастырылған мәселелер бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың одан әрі дамуына бағытталған өзара тиімді шешімдерге қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу