ЕЭК-те ерекше субсидияларды келісу жөніндегі келісім мақұлданды

1134

ЕЭК-те ерекше субсидияларды келісу жөніндегі келісім мақұлданды

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ЕЭК-пен өнеркәсіптік тауарларға және Комиссияның істі қарауды жүргізуіне қатысты ерекше субсидяларды ерікті түрде келісу тәртібі туралы келісім жобасын мақұлдады, деп хабарлайды strategy2050.kz

ЕЭК баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Құжатқа сәйкес ЕАЭО елдерінде мұндай мүмкіндік 2017 жылдан бастап пайда болады.

Комиссияның үшінші мүдделі емес тарап ретінде жүргізетін істі қарау тетігін пайдалану құқығы ұсынылған субсидияның немесе қолданылатын шаралардың ЕАЭО туралы шарт ережелеріне сәйкестігін анықтау үшін тәуелсіз объективті талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.

Қажет болған кезде ұлттық экономика саласына зиян келтіретін немесе келтіруі мүмкін мемлекеттік қолдау шараларының қолданылуы тоқтата тұрылуы немесе келісімде көзделсе, жабылуы мүмкін.

"Келісу тетігін қолданудың арқасында ЕЭК-ке жүгінген мемлекет Одақтың кез келген мемлекеті тарапынан ЕЭК-пен келісілген субсидияларды алушыға қатысты өтемдік шаралардың кейіннен енгізілу тәуекелінен сақтандырылады", делінген хабарламада.

Келісімде Комиссияны ЕАЭО мемлекеттері ұсынған ерекше субсидиялар туралы міндетті ақпараттандыру көзделеді.

Келісімде көзделген барлық рәсімдер ашық және Еуразиялық одақ мемлекеттері арасында консультация жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу