ЕЭК-те табиғи монополиялар саласындағы энергия тиімділігі мәселелері талқыланды

1044

ЕЭК-те табиғи монополиялар саласындағы энергия тиімділігі мәселелері талқыланды

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алаңында ЕЭК энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқа (министр) мүшесі Адамқұл Жүнісовтың төрағалығымен табиғи монополиялар саласындағы энергия тиімділігі проблемалары талқыланды, деп жазады strategy2050.kz.

Іс-шарада Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің табиғи монополия субъектілерінің энергия тиімді технологияларды енгізу және заңнамалық түрде реттеу мәселелері бойынша пікір алмасу өтті, деп хабарлады Комиссияның баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылар еуразиялық интеграциялық бірлестік елдерінің табиғи монополиялар салаларындағы заңнаманы және реттеу практикасын үйлестіру мәселелерін қарастырды, осы саладағы кешенді тәсілдерді, проблемалар мен перспективаларды, бәсекеге қабілеттілік және тұрақты даму факторларын зерттеу мүмкіндіктері талқыланды.

Дөңгелек үстел барысында тұтынушыға жеткізілетін электр энергиясының сапасы проблемасы туралы сөз қозғалды.

Кездесуге қатысушылар табиғи монополиялар саласындағы жалпы нарықтардың заманауи даму үрдістері туралы өз болжамын ұсынды, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамаларын үйлестіру жөніндегі бірқатар ұсынымдар әзірледі.

Дөңгелек үстел жұмысына Одақ елдерінің мемлекеттік билік уәкілетті органдарының өкілдері,  ғылыми және сараптамалық қоғам мүшелері қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу