ЕЭК тез бұзылатын тауарлар тізбесін бекітті

Олар бойынша кедендік операциялар бірінші кезекте жасалады.  

ЕЭК тез бұзылатын тауарлар тізбесін бекітті Фото: eaeunion.org

Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі 2022 жылғы 7 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Бұл туралы inbusiness.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 81-бабы 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия тез бұзылатын тауарлар санатының тізбесін Комиссия айқындайды, ал оны комиссия айқындағанға дейін мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатыны белгіленген.

Қазақстан Республикасының құзыреті "Кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 271 бұйрығын қабылдаумен іске асырылды, ол осы уақытқа дейін қолданылады.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен талқылау қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі "Кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесін бекіту туралы" 2022 жылғы 17 қазандағы № 160 шешімді қабылдады.

"Осы шешіммен Бұйрықпен бекітілген Ұлттық тізбеге бұрын енгізілген тауарлардың барлық тізбесін қоса алғанда, тауарлардың 63 санатынан тұратын тауарлар тізбесі бекітілді.

Шешіммен осы шешіммен бекітілген тізбеге енгізілген тауарлар санаттарына қатысты кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі шешім күшіне енген күннен бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылатыны белгіленген", – деп хабарлады МКК.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң – 2022 жылғы 7 желтоқсаннан бастап күшіне енеді (Еуразиялық экономикалық комиссияның www.eurasiancommission.org ресми сайтында 2022 жылғы 7 қарашада жарияланған).

"Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және барлық басқа мүдделі тұлғалардың осы шешімді басшылыққа алуы қажет. Бұдан былай аталған құқықтық қатынастарда Бұйрық қолданылмайды", – деп түсіндірді МКК-де.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу