ЕЭК алқа мүшелері Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одағының өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңесін құруға келісім жасады. Аталмыш консультативтік кеңес Одаққа мүше елдердің интеграциялық бірлестіктерінің дамуы және жұмысындағы стратегиялық әрі жүйелі мәселелері тұрақты талқыланатын алаң болмақ. Жаңадан құрылған кеңес 2013 жылы құрылған Еуразиялық экономикалық комиссия мен Беларусь-Қазақстан-Ресей бизнес-диалогының өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңестің орнын басады. Жаңа консультативтік кеңес Беларусь-Қазақстан-Ресей бизнес-диалогының ЕАЭО Іскерлік кеңесімен алмастырылуына байланысты құрылып отыр. Консультативтік кеңестің құрамына бизнес-қауымдастықтар, өнеркәсіп ұйымдары, Одаққа мүше елдердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енеді.