ЕЭО аясында ортақ қаржы нарығы құрылады

814

ЕЭО аясында ортақ қаржы нарығы құрылады

Астанадағы қаржы орталығы Еуразиялық экономикалық одақ үшін пилоттық алаң болмақ. Алдағы уақытта мұнда тұрақтандырудың жаңа тәсілдері мен құралдары сынақтан өткізіледі.

"Негізгі мақсат тек қана Қазақстанға емес, ЕАЭО-ның басқа елдеріне көмектесу, инвестиция тарту. Біз Еуразия экономикалық комиссиясымен  бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз", - деді "Астана" ХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Қаржы ресурстарын жұмылдыру арқылы аймақтың экономикасын жаңғыртуға ықпал етуге болады. Бұл туралы Ресей ғылым академиясы  экономика институтының ғылыми жетекшісі Руслан Гринберг: " Қазақстан әлемдік және халықаралық деңгейдегі қаржы орталығын құру арқылы дұрыс жолға түсті. Ол әрбір қадамын нық басып келе жатыр. Бұл орайда Ресей Қазақстаннан үлгі алмақ. Қазір ресейлік экономистер "Астана" халықаралық қаржы орталығын капитал нарығына жаңа мүмкіндік  туғызатын стратегиялық маңызды құрал ретінде қарастырып отыр", - деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу