ЕЭО-ға мүше елдердегі жұмыссыздар саны 1,1 миллионға жетті

2253

ЕЭО-ға мүше елдердегі жұмыссыздар саны 1,1 миллионға жетті

Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі жұмыссыздар саны 1,1 млн адамға жетті, деп хабарлайды naryk.kz. 

Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, одаққа мүше бес елдегі жұмыссыздар саны экономикалық белсенді халықтың 1,2 пайызын құрайды.

2016 жылдың сәуір айында Арменияда жұмыссыздар саны 1,2 пайызға, Беларуссияда 26,1 пайызға, Ресейде 16,7 пайызға азайса, Қазақстан мен Қырғызстанда керісінше, 10 және 2,6 пайызға ұлғайған.

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, ЕАЭО елдерінде жұмыссыздық деңгейі 5,6 пайыз. Соның ішінде Арменияда 17,4, Қазақстанда 5, Қырғызстанда 7,6, Ресейде 5,6 пайыз деңгейінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу