ЭФЭО аясында ортақ газ нарығы құрылады

725

ЭФЭО аясында ортақ газ нарығы құрылады

Еуразиялық экономикалық одақ нарығындағы газдың бағасы бұдан былай келіссөздер барысында тікелей анықталып отырады. Сонымен қатар, оны биржа саудасы кезінде де

белгілеу мүмкін болмақ. КСМ: Бұл жайлы Еуразиялық экономикалық комиссия отырысы кезінде белгілі болды. Оның мүшелері шикізатты сату реті мен статусын да анықтады. Одақтың энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Адамқұл Жүнісовтың айтуынша, аталған ережелер енгізілген жоба күзде дайын болуы тиіс. Жалпы газдың бірыңғай нарығының құрылуы оған қатысушылардың санын арттырып, көтерме саудадағы шикізат бағасының төмендетілуіне себеп болады деп күтілуде. Бұл жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда, қара алтын мен мұнай бағаларының еркін тасымалы да жолға қойылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу