Эфиопиядағы ұшақ апатынан соң Boeing акциялары арзандап кетті

956

Осымен Boeing құрастырған екінші ұшақ апатқа ұшырады.

Эфиопиядағы ұшақ апатынан соң Boeing акциялары арзандап кетті

Эфиопиядағы ұшақ апатынан соң, Boeing акциялары 7 пайызға дейін арзандап кетті. Себебі, Қытай, Индонезия және Эфиопия секілді бірқатар ел компанияның 737 MAX 8 үлгідегі әуе кемесін пайдаланудан бас тартты. Салдарынан Boeing 16 млрд доллар шығынға ұшырады, деп хабарлайды Atameken Business.

Осылайша, сауда алаңында үздіктер қатарынан көрінген ұжымның 400 доллардан жоғары бағаланған акциясы кешеден бері арзандай бастады

Естеріңізге сала кетейік, осымен Boeing құрастырған екінші ұшақ апатқа ұшырады. Өткен жылдың қазанында Индонезияның "Лайан Эйр" компаниясының АҚШ-тан сатып алған көлігі әуеге көтерілген соң, 13 минуттан кейін жарылып, 189 жолаушы ажал құшқан болатын. Оған тікелей өндірістің кінәсі бар-жоғы туралы айту ерте. Дегенмен, сарапшылар бұл тек Boeing емес, жалпы авиация нарығы үшін үлкен сынақ екенін ескертеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу