Эфиопияның оңтүстігіндегі екі көшкіннің салдарынан 157 адам қаза тапты, деп хабарлайды Reuters агенттігі үкімет өкіліне сілтеме жасап.
"Іздеу әлі де жалғасып жатыр және үйінділер астында қалған денелер бар. Аудан өте күрделі", – деді Гофа аймағындағы табиғи апаттарды жою жөніндегі Ұлттық агенттіктің басшысы Маркос Мелезе.
Оның айтуынша, қаза тапқандар саны артуы мүмкін.
Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, алғашқы көшкін адамдарды Оңтүстік Эфиопияның аймақтық штатындағы Гофа аймағында басқан. Содан кейін көмекке жиналған адамдарға тағы бір көшкін түсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу