Егде жастағы 50-ден астам студент аптасына бір рет компьютерлік сауаттылық, пішу және тігін, бейнелеу өнері және йога курстарына тегін қатысып жүр.
Егде жастағы адамдар тек лекцияларға ғана емес, сонымен қатар семинарларға, шеберлік сабақтарына белсенді қатысады, олар әртүрлі әлеуметтік-мәдени тақырыптарға үлкен қызығушылық танытады. Күміс университетінің білім алушылары оқу жылының соңына дейін сабаққа қатысады.
Толық курсты аяқтағаннан кейін барлық студенттер сертификаттар алады.