Егде жастағы әйелдер жұмыспен қамтылуда

488

Қазақстанда зейнет жасына жақындаған әйелдерді жұмысқа орналастыру қарқын алды деп жазады inbusiness.kz.  

Егде жастағы әйелдер жұмыспен қамтылуда Фото: Егемен Қазақстан

Бұл жөнінде Бүгін Үкімет отырысына есеп беруге келген Тамара Дүйсенова хабардар етті.  

Министр өткен жылы зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар үшін "Күміс жас" жобасы іске қосылғанын, оның шеңберінде 3 мыңнан астам адам жұмысқа орналасып, соның тең жартысы әйелдер қауымынан екенін айтты. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласынан Тамара Стрельникова кіші медбике ретінде жұмыс тапты, ал Қарағанды облысының Осакаровка ауылынан Татьяна Адамович кондитер болды.

Биыл жобаға қатысу жасы 58 жастан 50 жасқа дейін төмендеген. Жұмыс орындарын жұмыс берушілер ұсынады, ал бағдарламаға қатысушылар өз біліктіліктеріне қарай жұмыс орнын таңдауға құқылы. Жалақыны мемлекет 3 жыл ішінде субсидиялайды.

"Биылғы жылы әйелдерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды жандандыру бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. Осы мақсатта тек бюджеттен 177 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, оның ішінде субсидияланатын жұмыс орындарына 135 млрд теңге және несиелер мен гранттар беруге 42 млрд теңге", – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу