Эгей теңізінде жер сілкінді

1232

Эгей теңізінде 3,5 және 4,3 балдық екі жер сілкінісі тіркелді.  

Эгей теңізінде жер сілкінді Фото: google.com

Эгей теңізінде кеше түнгі 23.00-ге таяу және таңғы 4-тен кете екі рет жер сілкінісі болды, деп хабарлайды іnbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше Эгей теңізінде Түркия уақытымен таңғы сағат 04:30-да 3,5 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі шамамен 11,98 шақырымға жетті. 

Бұдан бөлек Эгей теңізіндегі Крит аралында Түркия уақытымен кеше кешкі сағат 22:55-те 4,3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше бұл жолы тереңдігі шамамен 7,59 шақырымды құраған. 

Бүгінге дейін Түркияда 33 мыңнан астам жер сілкінісі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу