"Егемен Қазақстан" газетіне 1,6 млрд теңге бөлінуі мүмкін

1031

Қаражат мемлекеттік тапсырыс аясында бөлінбек.

"Егемен Қазақстан" газетіне 1,6 млрд теңге бөлінуі мүмкін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Егемен Қазақстан" республикалық газетіне мемлекеттік тапсырыс аясында 1,6 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі қаржы министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"2021 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы Үкіметтің қаулысына сәйкес, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу және "Егемен Қазақстан" республикалық газеті арқылы орналастыруға ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 1 млрд 598 млн 689 теңге бөлу жоспарланған", деп жазылған хабарламада.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу