"Егемен Қазақстан" мен "Казправда" біріктіріледі

1011

"Қазақ газеттері" деген біртұтас холдинг құрылады. 

"Егемен Қазақстан" мен "Казправда" біріктіріледі

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекеттік БАҚ-ты оңтайландыру туралы сөз қозғады. Бірінші кезеңде қаншама жылдық тарихы бар "Егемен Қазақстан" мен "Казправда" біріктіріледі деген министр, бұл шығармашылыққа еш кедергі келтірмейтінін айтады. 

"Бірінші кезеңде "Егемен Қазақстан" мен "Казправда" біріктіріледі. Жаңа жылдан кейін олар жеке ЖШС болып құрылады. Осыдан кейін "Қазақ газеттері" АҚ-ға біріктіріледі. Яғни "Қазақ газеттері" деген біртұтас холдинг құрылады. Сол себепті нақты алгоритм бар. Бұл оңтайландыру ұжымдардың шығармашылық бөлімдеріне мүлде қатысты болмайды", – деді министр. 

Аида Балаеваның сөзінше БАҚ-тарды біріктіру – уақыт талабы. Бұл үдеріс қазір тек шығармашылық саласында емес, мемлекеттік органдарда да жүріп жатыр. 

"Қазіргі кезде барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар бюджетті оңтайландыру жұмыстарын жүргізуде. Жалпы бұл бірігу – әкімшілік-шаруашылық саланы оңтайландыруды көздейді. Шығармашылық бөлімге оның еш қатысы жоқ", – деді Аида Балаева. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу