Зеленский: Егер бүгін үнсіз қалсақ, ертең жойылып кетеміз

2533

Президент АҚШ, Ұлыбритания және Германия көшбасшыларына Ресейге қарсы санкциялар салғаны үшін алғыс айтты.

Зеленский: Егер бүгін үнсіз қалсақ, ертең жойылып кетеміз

Украина Президенті Владимир Зеленский отандастарына үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Ол халықпен жиі және ашық түрде сөйлесетінін мәлім етті. 

"Ресей келісімдерді ратификациялап, президентке Қарулы күштерді шетелде, яғни Украина аумағы саналатын Донбаста пайдалануға рұқсат берді. Бұған дейін олар бұл аймақта әскерилеріміз жоқ деп жүрген еді, енді қарасақ, бар болып шықты", – деді президент.

Оның айтуынша, мұндай шешімді қабылдай отырып Ресей Минск келісімдерінен шықты. Бұрын Мәскеу бұл құжаттың баламасы жоқ деп айтқан болатын. 

Владимир Зеленский АҚШ, Ұлыбритания және Германия көшбасшыларына Ресейге қарсы санкциялар салғаны үшін, ал АҚШ, Канада, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, Франция, Жапония және Дүниежүзілік банкке Украинаға қаржылай көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

"Құрметті азаматтар! Украиндар – бейбіт ұлт. Біз тыныштықты қалаймыз. Бірақ егер біз бүгін үнсіз қалсақ, ертең жойылып кетеміз", – деді Владимир Зеленский.

Табиғат Нұрболат

Фото: Украина президентінің баспасөз қызметі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу