"Егер мен бұрынғы министр емес, қарапайым азамат болсам, өтірік айыптаулар болмас еді..."

738

Ол бұрынғы емес, қазіргі іске қатысты сотталып жатқанын айтты. 

"Егер мен бұрынғы министр емес, қарапайым азамат болсам, өтірік айыптаулар болмас еді..." Фото: zhogargy_sot

"Құрметті алқабилер, өздеріңізден шындыққа қол жеткізулеріңізді сұраймын, егер бұл жерде экс-министр емес, қарапайым азамат болса, сонша жалған айыптаулар бола ма еді? Менің тағдырым мен өмірім енді сіздерге байланысты. Қазір әлеуметтік желілер мен БАҚ-тан көріп отырғаныңыздың бәрі маған қарсы жасалған. Сотта да қорғаушы Вранчев менің бұрынғы лауазымдарыма өшпенділік тудыруға тырысты. Бірақ бұл іске олардың қатысы жоқ. Құрметті алқабилер, сіз менің соңғы үмітімсіз. Бұрын кім болғаным, қандай қызмет атқарғаным маңызды емес. Мен әділ және бейтарап сотқа лайықпын. Мен кінәлімін, бірақ қасақана кісі өлтіргенім үшін емес.", – дейді сотталушы Қуандық Бишімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу