"Егер мені тыңдағанда мұндай болмас еді": Нұрболхан Шарапов Жаханға ренішін айтты

4822

Екі достың арасындағы әңгіме әлеуметтік желіде тарап кетті.

"Егер мені тыңдағанда мұндай болмас еді": Нұрболхан Шарапов Жаханға ренішін айтты Фото: ашық дереккөз

Зәулім үйін сатып, бірнеше кино түсірген белгілі актер Жахан Отарғалиевке досы, әзілкеш Нұрболхан Шарапов айтқанын тыңдамай қойғаннан кейін, ісі жүрмей тұрғанын айтты,  деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екі достың арасындағы әңгіме әлеуметтік желіде тарап кетті. Әңгіме барысында Нұрболхан Жахан Отарғалиевке айтқанын жасамағандықтан қазір ешбір шаруасы алға баспай тұрғанын айтады.

"Үш кино түсірдің. Қайсысы пайда әкелді? Ешқайсысы. Үлкен үй салғаныңмен, кино деп сатып жібердің. Қазір үй-күйсіз жүрсің. Қатын да кетті... Егер мені тыңдағанда мұндай болмас еді", - дейді ол.

Айта кетейік, жақында көпшіліктің сүйікті жұбына айналған Жахан Отарғалиев пен  Балжан Бидаш ажырасып кеткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу