Егер Ресей мен Украина келіссе, Қазақстан екі тараптың келіссөздері үшін алаң ұсынуға дайын – ҚР СІМ

1751

Тілеуберді Қазақстанға Батыстың Ресейге қарсы енгізген санкциялары қауіп төндіретінін тілге тиек етті.

Егер Ресей мен Украина келіссе, Қазақстан екі тараптың келіссөздері үшін алаң ұсынуға дайын – ҚР СІМ

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Ресей мен Украина келіссөздері үшін алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Орыс және украин халықтары біз үшін бауырлас халықтар, сондықтан біз, әрине, алаңдаймыз. Оларды татуластыру үшін көмек көрсетуге дайынбыз. Егер екі тарап қаласа, біз келіссөздер алаңын ұсынуға дайынбыз", – деді Тілеуберді.

Сонымен қатар ол Қазақстанға Батыстың Ресейге қарсы енгізген санкциялары қауіп төндіретінін жеткізді.

"Біз Еуразиялық экономикалық одақта болғандықтан, Ресейге қарсы қолданылатын санкциялар ЕАЭО-ның барлық мүшелерінің экономикасына әсер ететіні сөзсіз. Қазірдің өзінде біз рубльдің де, теңгенің доллар мен еуроға қатысты бағамының төмендеп жатқанын көріп отырмыз. Бұдан бөлек тауарлар транзитіне, саудаға қатысты мәселелер алаңдаушылық тудырып отыр", – деді министр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу