Егер Сирияда бітім орната алса, онда Астанадағы кездесу сәтті болғаны – оппозиция өкілі

828

Егер Сирияда бітім орната алса, онда Астанадағы кездесу сәтті болғаны – оппозиция өкілі

Егер  Сирия аумағында соғысты тоқтату туралы ымыраға келе алса, онда Астанада кездесу айтарлықтай ілгерлеу әкеледі, деп мәлім етті Мәскеуге сириялық оппозицияны бастап келген бұрынғы қарулы күштер генералы Мұстафа әл-Шейх.
"Астанада өтетін конференция, егер ол соғысты тоқтата алса, үлкен жеңіс болады", – деді ол жұма күні тілшілерге.
Оппозиция өкілі Сириядағы қазіргі режимнің өтпелі екенін айтты.
"Қазіргі режим кетуге тиіс, бірақ Ресей жақсы дос болып қалады. Ресей – басып алушы, жаулаушы емес"ғ – деді ол.
Сирия үкіметі өкілдерінің қатысуымен өтетін Сирияға қатысты келіссөз Астанада 23 қаңтарға жоспарланған.
Бірер күн бұрын РФ президенті Владимир Путин осы кездесуге дайындық шеңберінде Қазақстан және Түркия басшыларымее телефон арқылы сөйлесті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу