Егер Украина тарапынан шабуыл жасалса, Ресеймен бірге соғысуға дайынбыз - Лукашенко

668

Егер көрші мемлекеттердің аумағынан кем дегенде бір сарбаз Беларусь аумағына өлтіруге келсе, Беларусь армиясы ресейліктермен бірге соғысады.    

Егер Украина тарапынан шабуыл жасалса, Ресеймен бірге соғысуға дайынбыз - Лукашенко Фото: img4.eadaily.com

Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесуде Александр Лукашенко мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Мен ресейліктермен бірге тек бір жағдайда ғана соғысуға дайынмын: егер сол жерден Беларусь аумағына кем дегенде бір сарбаз менің адамдарымды өлтіруге келсе. Егер олар бізге қарсы агрессия жасаса, біз қарап тұрмаймыз. Соғыс мүлдем басқа сипатқа ие болады", - деді ол, бұл тек Украинаға ғана емес, басқа көршілерге де қатысты екенін ескертті.

Ол сондай-ақ Ресей арнайы әскери операцияны бастамас бұрын да Беларусь аумағына Украина тарапынан зымыран жүйелерімен соққы дайындалғанын еске салды.

"Бұл Украина тарапының қасақана әрекеттері болды. Тек оның не үшін қажет болғанын білмеймін. Олар алғашқы минуттарда Беларусь аумағынан соққыға ұшырады. Бұл арнайы әскери операция басталғанға дейін бірнеше минут бұрын болды", - деп атап өтті Беларусь басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу