Егер жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?

1627

"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойызға кешігіп қалған жағдайда қандай шаралар қабылдау қажет екенін еске салады. 

Егер жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек? Фото: Жолаушылар тасымалы АҚ

Жолаушылардың арасында пойызға кешігіп қалу жиі кездесетін қолайсыз жағдайлардың бірі, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алдымен вокзалдағы билет кассасына барып, жағдайды кассирге хабарлау қажет. Жолаушы пойызға кешіккен жағдайда, билеттің құнын жартылай қайтара алады. Алайда, бұл әрекетті пойыз билетте көрсетілген станциядан шыққаннан кейін бір сағат ішінде жүзеге асыру керек.

Ақшаны қайтару үшін жеке куәлік пен билетті көрсету керек. Кассир қажетті құжаттарды рәсімдеп, орын бар болған жағдайда келесі пойызға ауысып отыру нұсқаларын ұсынады.

Қайтару мөлшері мен мерзімі теміржол көлігімен жолаушыларды, жүк пен багажды, сондай-ақ, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелерімен белгіленген.

Мұндай жағдайларда жолаушыларға қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне қоңырау шалуға кеңес беріледі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойызға дер кезінде отыру үшін вокзалға ертерек келіп, осындай қолайсыздықтарды болдырмауға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу