Егін салу және жинау жұмыстарына 70 миллиард теңге бөлінді

990

Қазақстанда көктемгі егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды. 

Егін салу және жинау жұмыстарына 70 миллиард теңге бөлінді

Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 70 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Аграрлық несие корпорациясы хабарлады деп жазады inbusiness.kz  .

"Бөлінген қаражат "ҚазАгро" ҰБ-ның "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-сының жеңілдетілген несиелендіру құралдары арқылы қол жетімді. Бюджеттік несие "Кең дала" несиелендіру бағдарламасы арқылы жылдық 5% -ға дейін төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен жүзеге асырылады ",– деп жазылған хабарламада

Бөлінген ақша ресурстары агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне айналым қаражатын толықтыруға, көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге несие беруге бағытталады.

Аграрлық несие корпорациясы қазірдің өзінде өтінімдер қабылдауда. Бүгінгі күні жалпы сомасы 68,9 млрд.теңгеге 1871 ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өтініштері қаралуда.

2020 жылы "Кең дала" несиелендіру бағдарламасы бойынша 2 346 АӨК жеңілдікпен несие алды. Жалпы егіс көлемі 3 млн 50 мың гектарды құрады. Бір ауылшаруашылық кәсіпорны үшін орташа чек шамамен 30 млн теңгені құрады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу