Егін жинау қарқыны былтырғыдан жоғары

749

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Егін жинау қарқыны былтырғыдан жоғары

"Бүгінгі күні республика бойынша барлығы 15,1 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақыл немесе жалпы егіс алқабының 95%-ы жиналды. Былтыр осындай уақытта 14,5 млн гектар немесе өнімнің 91,5%-ы дайындалған", – деді министр. 

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, қазір орташа түсімділік гектарына 
9,4 центнерден шығып жатыр. 

"Елімізде астық сақтау сыйымдылығы 29,3 млн тоннаны, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 12,4 млн, ауыл шаруашылығы өндірушілерінде 16,9 млн тоннаны құрайды", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу