Егін жинау қорытындысы туралы әкімдіктердің деректері мен ресми статистика сәйкеспейді – министр

112

Облыс әкімдіктеріне деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету ұсынылды. 

Егін жинау қорытындысы туралы әкімдіктердің деректері мен ресми статистика сәйкеспейді – министр Фото: Үкімет

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егіс және егін жинау жұмыстарының қорытындылары бойынша әкімдіктер ұсынатын жедел деректер мен ресми статистика арасында сәйкессіздіктер барын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әкімдіктер ұсынатын жедел деректер мен ресми статистика арасындағы сәйкессіздіктер бар. Жыл сайын егіс және егін жинау жұмыстарының қорытындылары бойынша берілетін жедел деректер 4-СХ және 29-СХ нысандары бойынша статистикалық есептермен сәйкес келмейді. Осыған байланысты, облыстар әкімдіктеріне деректердің дұрыстығын қамтамасыз етуді және оларды статистикаға сәйкес келтіруді тапсыруды сұраймын", - деді министр Үкімет отырысында.

Бұдан бөлек жаңа өнімді сақтау мәселесі аса маңызды болып отыр. 

"Республикадағы астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 30 млн тоннаны құрайды. Астық қабылдау кәсіпорындарында астық қабылдау жалғасуда, қабылданған астықтың 57%-ы 3-ші сыныпқа сәйкес келеді. Өткен жылы оның үлесі 35%-ды құраған болатын. Облыстар әкімдіктері астықты Продкорпорацияға тапсыру, экспортқа жөнелту және басқа өңірлерге тасымалдау қажеттілігі үшін элеваторлардың астықты тәулік бойы  қабылдауларын қамтамасыз етуі қажет. Элеваторлардың тәулік бойы жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды", - деді Айдарбек Сапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу