Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың мәлімдеуінше, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау бойынша жалпы егін жинау жоспары 99,5% орындалды.
Республика бойынша гектарына1 2,8 центнер орташа өнімділікпен 20 млн тонна астық бастырылды.
"Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің алынған көлемі елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуге және 7-8 млн тонна астық көлемінде экспорттық әлеуетті іске асыруға мүмкіндік береді", – деді министр.
Сапархан Омаров егін жинау жұмысы өткен жылмен салыстырғанда бір ай бұрын аяқталғанын айтты.
"Бұған қолайлы ауа райы мен шаруалардың техникалық дайындығы ықпал етті. 2019 жылмен салыстырғанда элеваторларға 1 млн тоннаға көп астық әкелінді. Бұл ретте келіп түскен астықтың 80%-ының сапалық сипаттамаcы жоғары, ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 54,4% болған", – деді Сапархан Омаров.
Қанат Махамбет