Егін жинау науқаны үшін арнайы жөндеу бригадалары құрылды

1080

Жұмыс ұзақ уақытқа тоқтап қалмас үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жөндеу бригадаларын құрып жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Егін жинау науқаны үшін арнайы жөндеу бригадалары құрылды

"Жаппай егін жинау жұмыстарының басталуына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер барлық қажетті техниканы дайындады. Жалпы республикада егін жинау жұмыстары үшін 141,7 мың трактор, 73,5 мың трактор тіркемесі, 36,9 мың астық жинайтын комбайн, 12,8 мың егін орағы бар. Жұмыс ұзақ уақытқа тоқтап қалмас үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жөндеу бригадаларын құрды. Сервистік компаниялармен олардың далалық қызметін күшейту, сонымен қатар қоймаларды қажетті қосалқы бөлшектермен толықтыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді", – деді Үкіметтің бүгінгі отырысында Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев.

Оның айтуынша, егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 396,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген.

Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыстардың операторларын мұнай өңдеу зауыттарына бекітіп беру кестесі бекітілген. Шілдедегі көлемдерді өңірлер толығымен алды. Қазіргі уақытта тамыз айының көлемдері жөнелтілуде.

"Егін жинау кезеңінде облыстар әкімдіктері шаруаларға жанармайдың уақтылы жөнелтілуі бойынша операторлардың жұмысына тұрақты бақылау жүргізулері қажет", - деді ол.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу