Егіндікөл және Қорғалжын аудандарында сумен жабдықтау мәселесі әлі өзекті

198

Оған Нұра топтық су құбырының өте нашар жағдайы себеп болып отыр. 

Егіндікөл және Қорғалжын аудандарында сумен жабдықтау мәселесі әлі өзекті Фото: dknews.kz

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекеттік сараптама алғаннан кейін іске асырылатын 5 жоба әзірленіп жатыр. Атап айтқанда, Нұра топтық су құбырын қайта жаңарту – бұру және тарату желілері, Алматы облысындағы Қаскелең топтық су құбырынан су құбыры құрылыстары мен тарату желілері алаңдарының құрылысы, Түркістан облысындағы Сарыағаш топтық су құбыры бас құрылыстарының құрылысы. Нәтижесінде 200 елді мекенді сумен жабдықтау жақсартылады және қамтамасыз етіледі. Ақмола облысының Егіндікөл және Қорғалжын аудандарының елді мекендерінде Нұра топтық су құбырының өте нашар жағдайына байланысты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр", - деді Болат Бекнияз.

Вице-министрдің айтуынша, жұмыстар Үкімет резервінен қаражат есебінен жүргізілуде. Биыл 1,8 млрд теңге бөлінді, "Нұра топтық су құбырын" реконструкциялаудың қалған бөлігіне және бас құрылыстың жаңа құрылысына 3,2 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында "Нұра топтық су құбыры" РМК мен "Қазсушар" РМК бірігуі аяқталуда. Құжаттар Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне жолданды", - деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу