Егіншілерді қолдау көлемі 700 млрд теңгеге дейін көбейді – Олжас Бектенов

Жеңілдетілген несие тиімділігі мен жауапкершілігі жоғары диқандарға ғана берілуі тиіс. 

Егіншілерді қолдау көлемі 700 млрд теңгеге дейін көбейді – Олжас Бектенов Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов дәл осы тапсырманы Ауыл шаруашылығы министрлігіне берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Биыл егіншілік саласын қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Лизингке жұмсалатын қаражат 200 млрд теңгеге жетті. Жеңілдікпен 400 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді. Мемлекет егіс науқанын ойдағыдай өткізу үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдады. Жұмыстарды нәтижелі әрі ұйымдасқан түрде жүзеге асыруымыз қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі жеңілдетілген несиені тиімділігі мен жауапкершілігі жоғары диқандарды қолдауға ғана беруі керек, – деді ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол "бөлінген қаражаттың дұрыс жұмсалуын бақылауда ұстау керек" деп қоса кетті. 

Бұған дейін Үкімет басшысының фермерлерді тыңайтқышпен толық қамтамасыз етуді тапсырғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу