Египет Қазақстанға өзара визасыз режим енгізуді ұсынды

610

Бұл туралы Египеттің Қазақстандағы елшісі Манал Эль Шиннави мәлімдеді

Египет Қазақстанға өзара визасыз режим енгізуді ұсынды Фото: pinterest.com

Египет Қазақстанға өзара визасыз режим енгізуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың Telegram каналына сілтеме жасап.

"Египет Қазақстанмен өзара 14 күндік визасыз режимді енгізуге мүдделі. Біз бұл мәселені пысықтаймыз. Қазақстанда Египеттен келген қонақтарға, оның ішінде еліміздің туристік секторынан инвестициялық жобаларды ұсынатын ауқымды дүниелер жеткілікті", - деп атап өтті Мәдениет министрі.

Асхат Оралов Египеттің Қазақстандағы елшісі Манал Эль Шиннави ханыммен кездесті. Кездесуде туризм және мәдениет саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Айта кетерлігі, Египет – қазақстандықтар арасында ең танымал үшінші туристік бағыт. Қазір Қазақстаннан келген туристік топтар үшін Египетте 14 күндік визасыз режим қолданылады. Дегенмен, ол демалыс орындарының көпшілігі орналасқан Синай түбегін ғана қамтиды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу