Мысырда президент сайлауы өтіп жатыр

757

Мысырда президент сайлауы өтіп жатыр

Мысырда үш күндік президент сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Мемлекет басшысы атануға қазіргі президент Ас-Сиси мен "Аль-Гад" партиясының жетекшісі Муса Мустафа Муса бәсекеге түседі. Ол бірнеше жыл бойы Ас-Сисидің жақтасы болған.

Сарапшылардың болжамы бойынша басымдық қазіргі президенттің жағында. Дегенмен, Муса Мустафа Мусаның өзі халықтың 50 пайыздан астам қолдауына ие болатынына сенімді екенін мәлімдеді.

Айта кету керек, 2011 жылы Мысыр басшылығынан Хосни Мубарак қуылғалы елдегі президент сайлаулары бейбіт түрде өтіп жүр. Бүгінде 63-ті алқымдаған Ас-Сиси Мысыр билігіне 2014 жылы келді. Оған дейін қорғаныс министрлігін басқарған.

Биылғы сайлауда 59 миллион 500 мың мысырлық дауыс беруге құқылы. Олар үшін 376 сайлау комитеті мен 17 мың жергілікті сайлау бөлімшелері ұйымдастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу